20 тамыз 2015 17:05

Машкевич Назарбаевқа "өте дұрыс шешім" жасағаны үшін алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Машкевич. © Tengrinews.kz Александр Машкевич. © Tengrinews.kz

Eurasian Natural Resources Corporation PLC негізін қалаушысы және ірі акционерлерінің бірі Александр Машкевич Қазақстан Республикасының Президентіне бизнесті қолдағаны үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен экономикалық саясаттың алдағы шаралары жөніндегі кеңес өтіп жатыр.


Eurasian Natural Resources Corporation PLC негізін қалаушысы және ірі акционерлерінің бірі Александр Машкевич Қазақстан Республикасының Президентіне бизнесті қолдағаны үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен экономикалық саясаттың алдағы шаралары жөніндегі кеңес өтіп жатыр.

"Сізге көп рақмет, бұл өте дұрыс шешім. Қазақстан экономикасына мұның берері көп деп ойлаймын. Бүгін Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті болады", - деді Машкевич Назарбаевқа. Кәсіпкер Назарбаевқа нарықтағы, нақтырақ айтсақ алюминийдің арзандауына байланысты жағдайды айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта компания қоймаларында 100 миллион долларға бағаланатын аллюминий бар, алайда оны сату мүмкін емес, себебі сатқан жағдайда компания шығынға ұшырайды. Мұндай жағдай ферроқорытпа мәселесінде де бар. Машкевичтің айтуынша, украин ферроқорытушылары нарықты түгелдей жаулап алды. 

"Бәсекелестік жағдайына қойғаныңызға алғыс айтамыз. Бүгін біз бәсекелесуге дайынбыз, өз нарықтарымызды қайтаруға дайынбыз, жаңа нарықты жаулауға дайынбыз", - деді Машкевич. Сонымен қатар, ол тау-кен өндіру кешеніне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. 

"Бүгінгі шешім біз үшін ғана емес, мыңдаған кәсіпорынға, шағын және орта бизнеске. Барлығы енді күреседі, себебі бұл бәсекелестіктің ортасы", - деді Машкевич. 

Ол Президентті өз кәсіпорнының мемлекет алдындағы барлық міндеттемелерін орындайтынын айтып сендірді. "Бір де бір адам жұмыстан шығарылмайды деп және қазақстандық өндірушілерден үш есе көп мөлшерде сатып аламыз деп, жаңа өндірістерді саламыз деп өзімізге міндеттемелерді аламыз", - деп уәде етті кәсіпкер.

Жауабында Назарбаев оның кәсіпорнында қанша адамның жұмыс істейтінін сұрады. Оған Машкевич "70 мың" деп жауап берді. "Егер олардың отбасы мүшелерін санасақ, бұл өте көп", - деді Президент.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети