19 қазан 2016 16:17

Мәскеуде Қазақстанның төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәскеуде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа қатысушылар күн тәртібінің 52 мәселесін қарады, соларға қатысты еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамыту бойынша өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілді.

Отырыста сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияның халықаралық қызметі, Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) техникалық реттеуді жетілдіру, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамаларын үйлестіру мәселелері талқыланды. Стандарттық үлгі түрін және өлшем құралдарының үлгісін бекіту Тәртіптері қабылданды, бұл бизнес пен саудаға қосымша жағдай жасауға, өнімдерді сынау нәтижелерін өзара құптауға мүмкіндік береді.

ЕАЭО аумағында адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету мақсатында "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламенттер қабылданды.  

ЕЭК Кеңесі аясында биомедицина, ғарыш және геоақпараттық технологиялар, фотоника салаларындағы басым технологиялық тұғырнамалар анықталды. 

Еуразиялық технологиялық тұғырнамалар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 400-ден астам жетекші ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдарын біріктіруге мүмкіндік береді. Ұйымдар перспективалы салалардағы 130-дан астам ортақ инновациялық кооперациялық жобаларды қарастыруды ұсынды. 

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуге жұмыс сапары аясында РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинменкездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жағдайы қарастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети