15 сәуір 2014 10:15

Мәскеуде үш елдің үкімет басшысы кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото agencyvolnyostrov.ru сайтынан Фото agencyvolnyostrov.ru сайтынан

Бүгін Қазақстан, Ресей мен Беларусьтың үкімет басшылары Мәскеуде кездесіп, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімді әзірлеу мәселесін талқылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Кездесу кезінде тараптар жобаның келісілмеген тұстарын қарастырып шығады. Ол - Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы тауарлар, қызметтер, капиталдар мен жұмыс күшінің еркін алмасуына жағдай жасау тетіктері. Ал Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің өзі ағымдағы жылы мамыр айына дейін дайын болуы шарт. Одақ келесі жылдан бастап жұмыс істеуі тиіс", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, үкімет басшыларының жеке-жеке кездесулері жоспарланған. Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев атап көрсеткендей, Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведевтің кездесуі кезінде "Протон - М" апатының өтемақысы талқылануы тиіс. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети