ПОДЕЛИТЬСЯ
14 желтоқсан 2018 | 12:02
Мәслихат депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетін бекітті
Бұрындары бюджет жобасын Қоғамдық кеңес мүшелері мен "Нұр Отан" партиясы фракциясының депутаттары қараған болатын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бұрындары бюджет жобасын Қоғамдық кеңес мүшелері мен "Нұр Отан" партиясы фракциясының депутаттары қараған болатын, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаланың 2019 жылғы бюджеті бекітілді, оның жалпы көлемі 525,2 миллиард теңге. Бюджет "нөлден" жасалды және Мемлекет басшысының Жолдауы мен "Алматы-2020" қалалық бағдарлмасын жүзеге асыруға қатысты қайта құрылды. Қалада келер жылдан бастап бюджеттік бағдарламалар мен драйвер - жобалардың орындалу барысын көрсететін ақпарттық мониторингтік жүйе жұмыс істейтін болады.
Қазіргі кезде қаланың барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасқан. Он ай ішінде экономика 3,2 пайызға өсті. Өндіріс өнімін шығару 2,8 пайызға, құрылыс көлемі 4,7 пайызға, тұрғын үй 21 пайызға, инвестиция 17,8 пайызға артты. Қала бюджетіне өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,7 пайызға көп салық жиналды Мемлекеттік қолдау барысында 30 мың жұмыс орны құрылды. Көп жылдан бері алғаш рет жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызға төмендеді.
"Әлемде жаһандық өзгерістер болып жатыр, технология жедел өзгеруде. Тек мегаполистер ғана инновация мен технологияның ошағына айналып, инвестицияны тартуда. Елбасы айтқандай, инвестиция, инновация, креативті жандар үшін жаһандық бәсеке жүруде. Біз Алматыны бәсекеге қабілетті, экономикалық жағынан тұрақты, жайлы қалаға айналдыруға тиіспіз. Ол үшін қалада жыл сайынғы экономикалық өсім орташа 5 пайыз болуы, адам басына шаққанда ЖӨӨ 15 жыл ішінде 1,5, ал 30 жылда 3 есе артуы тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "HATCH "халықаралық кеңесшілерімен бірге Алматының 2050 жылға дейінгі Шеберлік жоспары жасалып, келер жылы дайын болады", - деді Бауыржан Байбек.
Алматы әкімі басты бағыт экономика құрылымын жүйелі өзгерту екенін айтты. Сараптама барысы IT-технология мен электронды коммерция бар жерде сауда мен қаржы секторының сығымдалуын көрсетуде. Бұл - Алматы экономикасының 42 пайызы. Сондықтан мегаполисте жоғары интеллектуалды сектор мен туризмге жұмысшы күші тартылатын болады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Алматы БАСЖОСПАР" даму институты құрылды, ол Шеберлік - жоспарын орындаумен айналысатын болады. Қала бұдан былай стихиялы түрде дамымайды. "Адамдар инфрақұрылымға" принципі бойынша болашақта құрылыс салу, оның орталықтандыру принципіне негізделуі, жайлы инфрақұрылым, қоғамдық кеңістік, 20 шақырымдық демалыс, оқу және жұмыс орындары қамтамасыз етіледі. Қала басқармаларында цифрлы технология кеңінен қолданылады. Қазірдің өзінде Оқиғалы орталықтың тұғырнамасы жасалды, оған 20 қалалық жүйе қосылады. Сонымен бірге big data құрылды. Нақтылы уақыт бойынша көлік және жаяу жүргінші ағынына, қоғамдық көліктің, бала бақшалар мен мектептердің, қала бюджетінің жүктемесіне, қаланы дамытудың 1200-ден астам индикаторына мониторинг жүргізіледі", - деді мегаполис басшысы.
2019 жылдың бекітілген бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтайды. Әлеуметтік салаға бюджеттің 40 пайызы жұмсалады. Мысалы, тағы 8 мектептің сейсмикалық қуаты күшейтіледі, үш жаңа мектеп салынады. Жедел жәрдемнің 38 каретасы, медициналық қондырғылардың 800-ден аса бірлігі сатып алынады. Әлеуметтік жағдайы төмен жандарға көмек ретінде 6 миллиард теңге бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп. Зейнеткерлерді белсенді өмірге тарту 2 есе артады. "Спорттық Алматы", "Спорт менің ауламда" бағдарламалары одан әрі жалғасып, 400 мыңнан аса қалалықтарды қамтиды.
Өз кезегінде қоғамдық көлік пен инфрақұрылымды дамыту қала әлеуетінің басты бағыттарына айналады. Қала басшысы өзінің сөзінде тұрғындарға қолжетімді көлік арқылы сапалы қызмет көрсету қажет екенін атап өтті. Сапалы қызмет көрсетіп, көліктерін жаңалаған тасымалдаушылар ғана субсидия алатын болады. Жалпы қалада 3 жыл ішінде 1100-ден аса жаңа автобустар сатып алынды. Метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, сегіз жаңа состав алынуда, бұл қозғалыс интервалын төмендетіп, күн сайынғы жолаушы ағынын 86 мың адамға дейін жеткізеді.
2019 жылы бес ықшам аудандарда 22,6 шақырым жол салынады, 170 шақырым жол орташа жөнделеді. Кіші көлік айналымы аясында үш жолайрығының құрылысы жалғасады.
Қала кеңістігінің қолайлығын қамтамасыз ету барысында екі жыл ішінде тарихи орталықтың 60 пайызы жаңарды. 2019 жылы "Қала адамдар үшін" принципі бойынша жаяу жүргінші аймақтарын абаттандыру жоспарлануда, оның ішінде Жібек Жолы, Байсейітова, Төле би көшелері бар. Жеті ауданның әрқайсысында кеңейтілген тротуарлары бар бір көшеден жөнделетін болады, оларға заманауи көше жиһаздары қойылады, бес парк пен скверге күрделі, тоғыз парк пен скверге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Келер жылы алматылық аулаларда ауқымды жөндеу жұмыстары қолға алынады. Қазіргі кезде әрбір үшінші аула жаңарды, олардың тең жартысы орталықтан тыс жерлерде. Егер биыл 575 аула абаттандырылса, 2019 жылы тағы 600 аула жаңарады.
МЖӘ аясында көше жарықтары толық модернизацияланады. Қазірдің өзінде жарық көздерінің 30 пайызы диодты шамдарға ауыстырылған. Жаңа көшелер ғана емес, тротуарлар да жарық болуда. 2019 жылдан бастап декоративті-гүлді және вертикалды жасылдандыру іске асады, 12 мыңнан астам ағаштар мен бұтақтар отырғызылады.
Сел қаупінің алдын алу үшін моренді көлдердің мониторинг станциясы цифрлы жүйесінің алғашқы кезегін енгізу басталады.
Показать комментарии
Читайте также