04 қыркүйек 2016 12:28

Мәсімов пен Жақсыбеков тағы да марафонға қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ренат Ташкинбаев © Ренат Ташкинбаев

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков "Астана марафон 2016" қайырымдылық марафонына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков "Астана марафон 2016" қайырымдылық марафонына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы мен Президент Әкімшілігінің басшысы таңғы уақытта "Хан Шатыр" сауда орталығынан бастау алған старт сызығына келді. Жол талғамайтын көліктермен келген олар спорттық киіммен шықты. Оларды олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов қарсы алды. Оларда осы марафонға қатысты.

Айта кетейік, саясаткерлер жақсы көңіл күйде болды. Олар жүгіруге дайындық алаңына барды. Осы уақыттың өзінде басқа да қатысушылар жүгіруді бастап кеткен болатын.

Марафонға жалпы саны 4500 адам қатысты.

Үкімет басшысы 21,1 шақырымды жүгіріп өтті. Мәре сызығына жеткен соң, ол марафон қатысушыларын құттықтады. Осыдан кейін, Мәсімов кабмин мүшелерімен кездесті, оларда спорттық киім делды. Айта кетейік, мәре сызығында Үкімет басшысын оның әйелі күтіп тұрды.


Фото Tengrinews.kz©

Премьер-министр 42 шақырымды бірінші болып келгендерді құттықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети