Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Мәсімов "Шыңғысхан мүсіні" музейіне барды

14 Шілде 2016, 19:19
0
© pm.kz
© pm.kz

XI АСЕМ саммитіне қатысу аясында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Моңғолиядағы "Шыңғысхан мүсіні" туристік кешенін аралады. Бұл туралы ол өзінің твиттердегі аккаунтында "Шыңғысхан мүсіні" деп жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, ескерткіш Ұлан-Батыр қаласынан шығысқа қарай 53 шақырым қашықтықта орналасқан. Алып ескерткішті жасау үшін 250 тонна болат жұмсалған. Ескерткіштің тұғырынан төмен тұсында Шыңғысханнан кейін Моңғолияны билеген 36 ханды білдіретін 36 колонна бар.

Ескерткіштің жоғарғы бөлігінде 30 метрлік биіктікте айналаны барынша шолуға мүмкіндік беретін үлкен алаңқай бар. Ондағы негізгі экспонаттардың бірі - символикалық алтын қамшы. Аңызға сүйенсек, Темуджин (болашақ Шыңғысхан) мүсіні орналасқан нақ осы жерде табыстылықтың белгісі болып саналатын қамшы тауып алған. Бұдан соң оған моңғолдарды бір халық ретінде жұмылдыру мүмкін болған деп саналады.


© pm.kz

Айта кетейік, Қазақстан мен Моңғолия мәдени және тарихи зерттеулер саласында екіжақты қарым-қатынасты белсенді түрде дамытып жатыр.

Мәселен, "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында түркі халықтарының ескерткіштерін зерттеу мақсатында 2005 жылы түркітанушы ғалымдар тобы Моңғолияға ғылыми экспедиция ұйымдастырған. Зерттеу нәтижелері бойынша 9 ежелгі түркі ескерткіші мен сақ тайпаларына, түркілерге тиесілі болған 115 жазбаны қамтыған тізім жасалды. Осы экспедиция негізінде "Орхон ескерткіштерінің үлкен атласы" жарыққа шықты.

2008-2009 жылдары "Қазреставрация" түркі руна жазбалары бар бірнеше ескерткіштің көшірмелерін жасады. 2010 жылы бұл көшірмелер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Күлтегін" атриумына қойылды.

2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Моңғолия Ғылым академиясының Тарих және археология институты Майқанұл кесенесінде қазба жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 461 тарихи-мәдени ескерткіш табылды. Қазір экспонаттар Моңғолиядағы Қарақорым өлкетану мұражайына қойылған.

Бірлескен спорттық шаралар да жиі ұйымдастырылады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде-ақ Астана, Алматы және Ұлан-Батыр қалаларында ерлер мен әйелдер арасында күрес пен бокстан 8 жарыс өткізілген.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов Моңғолияға XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін барды, шара 15 шілде күні Ұлан-Батыр қаласында өтеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай