28 маусым 2017 22:19

Massaget.kz "Үркер" ұлттық сыйлығын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Massaget.kz жастар интернет-порталы баспасөз, радио және интернет-журналистика саласына арналған "Үркер-2017" ұлттық сыйлығының "Қазнеттегі Медиасерпіліс" аталымында жеңімпаз атанды. 


Massaget.kz жастар интернет-порталы баспасөз, радио және интернет-журналистика саласына арналған "Үркер-2017" ұлттық сыйлығының "Қазнеттегі Медиасерпіліс" аталымында жеңімпаз атанды. 

Марапаттау рәсімі Астанада 28 маусымда кешкі уақытта өтті. "Үркер" сыйлығын Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 2017 жылдың сәуірінде құрылған болатын. Байқаудың қазылар алқасына осы саладағы белгілі кәсіби мамандар, қоғам қайраткерлері және сарапшылар кірді. Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі, оның жүлде қоры - 15 миллион теңге.

Жеңімпаздар:

"Үздік фотосурет" номинациясында - Ерлан Омаров;

"Үздік сараптамалық материал" номинациясында "Казахстанская правда" республикалық газетінің журналисі - Фиронова Валентина;

"Үздік радиобағдарлама" номинациясында "Шалқар" радиосының "Ән домбыра" бағдарламасы;

"Үздік репортаж" номинациясында - Олжас Беркінбаев;

"Үздік аймақтық радиостанция" номинациясында - "Астана" радиосы;

"Үздік салалық баспасөз басылым" номинациясында - "Дружные ребята" газеті;

"Үздік жыл журналы" номинациясында  "National Geografic Қазақстан" журналы;

"Журналистикадағы дебют" номинациясында "7kun.kz" сайтының журналисі - Мөлдір Иманмәди;

"Үздік журналистік зерттеу" номинациясында "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі - Жанболат Аупбаев;

"Үздік интервью" номинациясында "Капитал" республикалық газетінің тілшісі - Виктория Говоркова;

"Үздік аймақтық баспасөз басылымы" номинациясында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті - "Рейтинг" газеті;

"Қазақстан туралы үздік танымдық материал" номинациясында "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің тілшісі - Думан Анаш;

"Үздік халықаралық сараптамалық материал" номинациясында "vlast.kz" сайтының журналисі Зарина Ахматова, "Афганистан близко" атты мақаласы;

Сонымен қатар, осы аталымда "Informburo" ақпарат агенттігі арнайы сыйлыққа ие болды.

"Үздік республикалық баспасөз басылымы" номинациясы "Айқын" республикалық газеті жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети