Майлы ас, артынан ыстық шай ішеміз - Байбек алматылықтардың денсаулығы жайлы

20 Ақпан 2017, 11:59
0
Майлы ас, артынан ыстық шай ішеміз - Байбек алматылықтардың денсаулығы жайлы - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Бауыржан Байбек азаматтарды денсаулығын жақсарту үшін өмірге деген көзқарасын өзгертуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адамдар дәрігерлерге дер кезінде бармайды. Әсіресе, ер адамдар. Жағдайымыз мүлде нашарлағанда ғана дәрігерге барып, шағымдана бастаймыз. Әр адам спортпен айналысуы керек. Міне, қайтадан "Шымбұлақ" қымбат деп айтып жатыр. Ал кешкі уақытта қайда барсаң, барлығында адам толы, орын жоқ (дәмханаларда - автор). Бұл әдетті өзгерту керек. Спортқа, туризмға ақша жұмсау дегеніміз өзіңнің денсаулығына ақша жұмсау деген сөз. Егер біз әр жұма мен сенбі күндері қонаққа барып, майлы тамақ жеп, содан артынша тағы ыстық шай ішсек - асқазан ауруының қайдан пайда болатынын біліп отырған шығарсыздар. Біз барлығымыз да ыстық шай ішеміз", - деді әкім халыққа есеп беру кездесуінің барысында.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтардың ақша жетіспеушілігіне шағымданатынын, бірақ оған қарамастан түрлі іс-шараларға несие алып жататынын айтып өтті. "Әрбір қазақ еуропалықтан бай болып саналады. Норвегияның бірде-бір азаматы 50 адамға той жасамайды. Бай адамдар көп ақша табатындар емес, бай адамдар - ақшаны дұрыс үнемдейтін адамдар. Адам өмір бойы шылым тартып, кейін қатерлі ісікке шалдықса, ол кімді кінәлауы керек? Ол бұл жерде өзін кінәлауы қажет, денсаулықты ойлау керек", - деді әкім.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Универсиада-2017 ойындарын өткізудің нәтижесінде қалада 40 жедел жәрдем көлігінің пайда болғанын айтып өтті. Оның айтуынша, жаңа көліктің барлығы "Көмек" жүйесіне қосылған. Сонымен қатар, қала әкімі ауруханаларда науқастар әр кабинетке жүгіріп жүрмес үшін қажетті шараны қолдану қажеттігін айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай