16 мамыр 2016 16:05

"Медеу" мен "Шымбұлақтың" арасында эко-автобустар қатынай бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

"Шымбұлақ" тау-шаңғы кешені мен "Медеу" мұз айдынының арасында экологиялық таза автобустар қатынай бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақ географиялық қоғамының баспасөз хатшысы Айгүл Әлиясоваға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта осы бағытта газбен жүретін сегіз автобус қатынап жатыр. Жолақы "Медеуден" плотинаға дейін - 200 теңге, "Шымбұлаққа" дейін - 400 теңге.

"Медеу" табиғи саябағы өкілдерінің айтуынша, болашақта жолаушылардың көбеюіне байланысты микроавтобустар саны да артады.

Айта кетейік, Медеу - Шымбұлақ бағытында жолаушыларды тасымалдайтын таксомоторлық компания да жұмыс істейді. Газбен жүретін бұл автомобильдерде жолақы бір бағытқа - 300 теңге. Осыған дейін жұмыс істеп келген эко-такси болса жолақыны 1100 теңгеден 700 теңгеге дейін түсірді.

Еске салайық, 22 ақпанда "Медеу" мұз айдынынан "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешеніне дейінгі жолға автомобиль қозғалысына шектеу қоятын белгі орнатылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети