05 тамыз 2016 10:03

"Медеу" саябағында туристерге арналған орындарды қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© voxpopuli.kz © voxpopuli.kz

"Медеу" саябағында туристерге арналған орындарды қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы басшысының орынбасары Самғат Ермекбаев хабарлады.


"Медеу" саябағында туристерге арналған орындарды қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Медеу" Мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы басшысының орынбасары Самғат Ермекбаев хабарлады.

"Біз барлығымыз "Медеу" саябағын қыс мезгілінде туристерге арналған мекен деп ойлаймыз. Бұл мұз айдыны мен таулы курорт. Қазіргі кезде жаз мезгілінде келушілерге жағдай жасалып жатыр. Осы мақсатта мұз айдынының орнында жаз мезгіліне арналған роликтер, велосипедтер, скейттер жалға беріледі. Сырғанау алаңына кіру тегін. Сонымен қатар, жаяу жүріп саяхаттаушыларға жағдайлар жасап жатырмыз: тіреп тұратын қабырғаны қайта өңдеп жатырмыз, канатпен жүру орнынан сырғанау алаңына дейін жүретін жолда аяқжолдар жасаудамыз. Жақында "Горельник" жылы (термалды) жер асты суларының қайнар көзі қайта жөнделді", - деді сұхбаттасушы.

Ермекбаевтың айтуынша, "Медеу паркіне қатысты жоспар бекітілген және онда көптеген жобалар болады. Бөгетте орналасқан атақты "Ласточка" кафесін қайта жөндеу, қарау алаңы мен "Денсаулық баспалдақтары" қайта жөндеуден өтеді. Осының барлығы жазғы туризмді дамыту үшін жасалған.

Директордың орынбасары автокөліктермен жоғары шығуға тыйым салынғаннан кейін, онда экологиялық таза шатл-бастар (бір орынға 200 теге) пайда болғанын және экотакси (бір орынға 300 теңге) жұмыс істейтінін айтты.

Осыған дейін "Медеу" паркінде "Горельник" ыстық су қайнар көзі реконстукциядан өткені хабарланған болатын. Онда екі купель орналасқан: біреуі жер астынан шығатын ыстық су, ал екіншісі таудан ағатын су. Шомыламын деушілерге жағдай жасалған. Сонымен қатар, "Горельник" енді - спорт алаңына айналды. Қайнар көздің жанында белтемірлер мен басқа да шынығу құрылғылары орнатылған.

Қайнар көзден шығатын су радонды. Мамандардың айтуынша бұл көптеген тері ауруларын жазуға септігіні тигізеді. Осы суды қабылдау арқылы қан қысымын төмендетуге көмектеседі, қабынуға қарсы әсер, теріні тазалайды, күш қуатыңызды қалпына келтіреді. "Горельникке" кіру тегін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети