Медведев Мәсімовті Үкімет басына келуімен құттықтады

04 Сәуір 2014, 11:34
0
Медведев Мәсімовті Үкімет басына келуімен құттықтады - Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев. ©Mir24.tv
Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев. ©Mir24.tv

Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшылары Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев телефон арқылы әңгімелесіп, екіжақты байланыстарды ары қарай жалғастыруға уағдаласты деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Ресей үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Әңгіме кезінде Ресей үкіметінің төрағасы екіжақты байланыстардың даму деңгейіне жоғары баға берді. Дмитрий Медведев пен Кәрім Мәсімов ортақ мәселелерді талқылау барысында үкімет деңгейіндегі тұрақты қарым-қатынастарды ары қарай жалғастыруға уағдаласты", - делінген ресми хабарламада. Сондай-ақ Медведев Мәсімовті Премьер-министр қызметіне келуімен құттықтады. 

Айта кетейік, 2007-2012 жылдары аралығында Кәрім Мәсімов Қазақстанның Үкімет басшысы қызметін атқарған. Ағымдағы жылы сәуірдің 2-сі күні Мемлекет басшысы оны осы лауазымға қайтадан тағайындады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай