02 қараша 2016 16:17

Мектеп демалысы кезінде елордалық мәдениет мекемелері оқушыларға арнап ерекше бағдарлама әзірлеп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет баспасөз қызметінен Сурет баспасөз қызметінен

Мектеп демалысы кезінде елордалық мәдениет мекемелері оқушыларға арнап ерекше бағдарлама әзірлеп отыр. Астаналық цирк, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық драма театры, сондай-ақ, Астана қаласының Қуыршақ театры демалысқа орай өз репертуарларын түзетті, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық драма театры 5 қарашада сағат 18:00-де оқушыларды қазақ халқының батырлар жыры - "Алпамыс" эпосының желісімен қойылған "Дала аңызы" әфсанасының премьерасына шақырады. Батырлық эпос қазақстандықтардың жас буынын патриоттық тәрбиелеу және Отанын қорғауға дайындық мақсатында репертуарға енгізілді. Қойылымды 6 қарашада сағат 18:00 де тамашалауға болады.

Сондай-ақ, 6 қарашада сағат 11:00-де театрда С. Астраханцевтың "Братец Лис и Братец Кролик" ертегісінің қойылымы өтеді.

5-6 қарашада сағат 12:00-де және 14:00-де Астана қаласының Қуыршақ театрында (Республика даңғылы, 3) балет жанрындағы "Менің салған суретім" ("Это я нарисовал") спектаклі көрсетіледі. Қойылымда жер бетіндегі тірі жандардың пайда болуы туралы әңгімеленеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети