Мектеп мұғалімдерін EXPO-2017 көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеу туралы қауесет жоққа шығарылды

22 Желтоқсан 2016, 18:31
12
Мектеп мұғалімдерін EXPO-2017 көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеу туралы қауесет жоққа шығарылды - Tengrinews.kz иллюстрациясы
Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева орта мектеп мұғалімдерін Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеп жатыр деген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ешкім ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқ. EXPO-ға қатысты бұл сөз қайдан туған? Көпшілік көрмеге билет таба алмай отыр, ал мұғалімдерді баруға мәжбүрлеу... Кімді? Мен мұны негізсіз айып деп ойлаймын, шандыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді Суханбердиева ОКҚ-да өткен брифинг барысында. 

Вице-министр аймақтағы педагогтарға, керісінше, көрмеге келу қиын болатынын айтты. "Ешкім жай ғана келе алмайды, егер ол демалыста болмаса. Сол кезде ғана шыға алады", - деп атап өтті ол. 

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде орта мектеп мұғалімдеріне Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне билет сатып алуға мәжбүрлеп жатыр деген қауесет тараған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (12)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай