11 қыркүйек 2015 13:57

Мектеп сабақтарының басталу уақытын 7.40-қа ауыстыру заңнамаға қайшы - Астана прокуратурасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мектеп сабақтарының басталу уақытын сағат 7.40-қа ауыстыру қазіргі заңнаманың талаптарына қайшы келеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мектеп сабақтарының басталу уақытын сағат 7.40-қа ауыстыру қазіргі заңнаманың талаптарына қайшы келеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылғы 9 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында елордалық 17 мектептің биылғы 14 қыркүйектен бастап бірінші ауысым үшін сабақ уақытын сағат 07.40-та басталатын жаңа жұмыс режиміне көшетіні туралы мәлімет таратылды. Мектептердегі сабақ кестесінің бұлай өзгеруі әрекет етуші заңнамаға қайшы келетін болғандықтан (білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды), прокуратура органдары тексеріс жүргізді, оның нәтижесінде қалалық білім басқармасының нақты мұндай шешімді қабылдамағаны анықталды", - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

"Сонымен қатар, қоғамда қалыптасқан алаңдаушылықты ескере отырып, Астана қаласының прокуратурасы биыл 10 қыркүйекте Астана қаласының әкімдігіне заңнамамен белгіленген жауапкершілікті ескерте отырып, заңды бұзуға болмайтыны туралы алдын ала ескерту енгізді", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети