22 желтоқсан 2016 17:01

Мектеп шыршасы өтуі керек, бірақ ол ата-аналардың есебінен ұйымдастырылмауы тиіс - министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева неліктен бірнеше облыста мектеп шыршаларының өтпейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева неліктен бірнеше облыста мектеп шыршаларының өтпейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектептерде жаңажылдық шыршаны тойлауға ешкім ешқайда тыйым салған жоқ. Тек ата-аналар жаңажылдық бағдарламалар қымбат деп шағымданған кезде кейбір облыстардың кей мектеп директорларына сұрақтарымыз болды. Сол уақытта директорлар мектеп шыршасының өтпей қалуына шаралар жүргізген. Мектеп сарайлары бар қалалық шараларға ауыстырылған. Қайткен күнде де, бізге де телефон қоңыраулары түсті, мәселенің шешімін шығардық, мектеп шыршасын тойлау керек. Бірақ сыйлықтарға ақша жинауға рұқсат жоқ. Мұндай мәселенің көтерілуі орынды. Ақша жинауға келгенде министрліктің ұстанымы қатаң", - деді ол.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде түрлі қалалардан ата-аналар мектептерде жаңажылдық шыршаны өткізуге тыйым салынды деп хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети