10 қараша 2014 16:53

Мектепке 6 жастан бастап қабылдау туралы түзету сынға ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары балаларды мектепке тек қана алты жастап бастап қабылдау қажеттігі туралы түзетуді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде "ҚР білім беру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.


Мәжіліс депутаттары балаларды мектепке тек қана алты жастап бастап қабылдау қажеттігі туралы түзетуді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде "ҚР білім беру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.

"Мектептегі білім беру ісінде мектепке қабылдау жасын алты жас деп белгілеу қарастырылып отыр. Ол 18 жаста білім алуды аяқтауы керек. Бүгінде біз мемлекеттік бағдарламада бала бірінші сыныпқа алты жасынан барсын деп қарастырдық. Қоғамда бұған қатысты түрлі пікір бар. Біз оқу жылының күнтізбеден бөлек екенін және біз үшін жаңа оқу жылының бірінші қыркүйегінде баланың алты жасқа толғаны маңызды екенін түсіндіріп жатырмыз", - деді Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев. Бұған дейін министрліктің баланы мектепке алты жастан бастап қабылдауды ұсынып отырғаны хабарланған еді. 

Депутаттар бұл түзетуді шала деп тапты. Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадов мектептердің баланы бірінші сыныпқа алты жастан бастап қабылдауға қаншалықты дайын екенін сұрады. 

"Статистика агенттігінің мәліметінше, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде 306 мың бала алты жасқа толды, тоғыз ай ішінде тағы 200 мың бала алтыға толды. Біздің мектептер алты жастан бастап қабылдауға дайын ба?" - деп сұрады депутат.

"Жуырда 12 жылдық білім беру жүйесі болатынын ескеру керек. Әлемде - Италия, Испания, Жапония, Франция, Канада, Австрия елдерінде мектепке алты жастан бастап қабылданады. Психологиялық-физиологиялық тұрғыдан бұл жаста баланың мектепке баруға барлық мүмкіндігі бар", - деді Балықбаев.

Бірақ бұл жауап депутаттардың көңілін көншітпеді. "Үкімет сағатында біздің бас санитар дәрігер сөйлеген болатын, ол бұған үзілді-кесілді қарсы, ол бұл жаста балалардың мектепте білім алуына психофизикалық тұрғыдан дайын болмайтынына мәліметтер келтірді. Біздерде үш ауысыммен оқытатын мектептер бар, ешқандай жағдайы жоқ. 2015 жылға қарай оқушылардың жартысы гастритпен не сколиозбен ауырып жүрмей ме, 18 жасқа жеткенде сауықтыру шараларын жүргізу қажет болмай ма?" - деп сұрады Мәжіліс депутаты Надежда Петухова.

Балықбаев бұл мәселені мамандармен бірге талқылап, "алты жаста бала білім алуға дайын болады" деген тұжырымға келгенін айтты. Айтылған дәйектерді қорытындылаған депутат Гүлмира Исімбаева бұл мәселе пысықтауды қажет ететінін жеткізді.

Еске сала кетейік, жаңа заң жобасында 2019 жылдан бастап тегін кәсіптік-техникалық білім беру де қарастырылған болатын, сонымен бірге онда ЖОО-лардың біртіндеп автономиялануы да айтылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети