20 наурыз 2014 13:04

Мектептегі тамақты оқушылардың ата-аналары таңдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kstnews.kz сайтынан Фото kstnews.kz сайтынан

Ағымдағы жылы маусымның 1-інен бастап мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың жаңа ережелері күшіне енеді. Оның бір ерекшелігі - асхана қызметтерін ата-аналардың өздері таңдай алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевке сілтеме жасап. Оның айтуынша, бұған дейін мектептегі тамақтану қызметтерін ұсынатын кәсіпкерлердің қызметін таңдау барысында астың бағасына негізгі басымдық берілген. Ендігі кезекте тамақтың сапасына ереше көңіл бөлінбекші. Конкурс жеңімпазын, яғни оқушыларға тамақ жасайтын кәсіпкерді мектеп директоры таңдайды. Ал комиссия құрамына ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қызметтердің атынан кем дегенде бес адам енуі тиіс. "Жаңа ережелерде негізгі төрт талап бар. Олар - конкурсқа қатысушылардың еңбек өтілі, тамақ жасаушы мамандардың біліктілігі, сапа менеджменті, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық рұқсаты бар өнімдердің тізімі мен арнайы көліктің болуы. Ал мектептегі тамақтану бойынша өтетін конкурстар ашық түрде өткізілуі шарт. Конкурстан кейін барлық ақпарат сайт пен білім беру мекемелерінің ақпараттық стендтерінде жарияланатын болады", - деп атап көрсетті Е.Иманғалиев бүгін Астанада өткен арнайы брифингте.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети