11 қараша 2014 14:16

Мектептер мен балабақшаларға бюджеттен 90 миллиард теңге бөлінетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдау арнай отырып, балабақшалардағы орын тапшылығына және мектептердегі үш ауысымдағы оқу жүйесінің жойылуына қосымша қаржы бөлуді тапсырды, - еп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдау арнай отырып, балабақшалардағы орын тапшылығына және мектептердегі үш ауысымдағы оқу жүйесінің жойылуына қосымша қаржы бөлуді тапсырды, - еп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы. Бәрінен бұрын, бұл - құлайын деп тұрған мектептер мен үш ауысымдағы оқу жүйесі мәселесінің шешімі. Мұны шешуге уақыт келді. Бұл біздің сайлауалды платформаларымыздың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Үш жылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл мәселені 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан үкіметке осы мәселені шешу үшін қосымша 70 миллиард теңге бөлуді тапсырамын", - деп мәлімдеді ол.

Сонымен бірге, ол балабақшалардың жетіспеушілігі мәселесін көтерді. "Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың жетіспеушілігін түбегейлі азайтуға 3 жыл ішінде 20 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бірақ бұл мәселеде мемлекеттік қаржыны жұмсауға әуестенбеу керек, жеке кәсіпкерлік қуатты болуы керек, оларды қызықтыра білуіміз тиіс. Әкімдер жеке секторларды тартумен барынша көп айналысуы керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысы индустриализация бағдарламасының аясында базасында ғылымның экономика салаларымен байланысын қамтамасыз ететін 10 жоғары оқу орны анықталғанын ескертті. "Біз келістік: оңтүстікте химиялық өнеркәсіпке мамандар дайындау керек, батыста - мұнай өнеркәсібі, ал металлургиялық өнеркәсіпті - шығыста. Яғни бұл жоғары оқу орындары, сонымен қатар, ғылыми орталыққа айналады, индустриализацияға да профильді түрде мамандар дайындайтын болады. Осы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын құрылымдауды, осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлуді тапсырамын", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети