20 қазан 2014 16:47

Мектептерде EXPO тарихы мен "Астанатану" курсы оқытылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. ©Tengrinews.kz Иллюстрация. ©Tengrinews.kz

Еліміздегі мектептерде EXPO тарихы пен "Астанатану" курсы оқытылады. Бірақ ол жеке пән болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еліміздегі мектептерде EXPO тарихы пен "Астанатану" курсы оқытылады. Бірақ ол жеке пән болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада "Болашақ бүгіннен басталады: EXPO-2017 Астана" әдістемелік көмекші құралының таныстырылымы өтті. Презентацияға қатысушылар бұл көмекші құралдың мұғалімдерге арналғанын айтты. Қазақстандық мектептерде оны сынып сағатында және тарих, география сабақтарында қолданылатынын айтты. Сабақ өткізу формалары әртүрлі: семинар мен конференциялар, саяхат-сабақтар, дәрістер және ғылыми жобалар. Сонымен бірге, жинақтың елдің барлық мектебіне жіберілетін электронды нұсқасы дайындалып жатқаны айтылды. 

Көмекші құрал бірнеше бөлімнен тұрады, бөлек тарауға - астаналық оқушылар мен студенттердің балама дереккөздерді қолдану туралы жобалары және "Астанатану" курсының материалдары енген. Басылымда EXPO көрмелерінің тарихы, халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындыққа арналған сабақтар кезеңі бар.   

Жинақты "Астана EXPO-2017 ҰК" АҚ Тұңғыш Президент мұражайы және Астана білім басқармасымен бірге құрастырған. 

"Көмекші құралға мектептерде өткізілген сабақтар енді. Көмекші құралдың бірінші бөліміне 17 үздік сабақ кірді. Екінші бөліміне осы тақырып бойынша қорғалған ғылыми жобалар қамтылды. Үшінші бөлім - "Астанатану" курсы, онда біз астананың қалыптаса бастауын көрсеттік", - деді құрастырушылардың бірі, Тұңғыш Президент мұражайының мұражайлық педагогика орталығы жетекшісі Рауза Қазбекова. Оның айтуынша, көмекші құрал Халықаралық көрме бюросында сараптамадан өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети