Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Мэлс Елеусізов президент сайлауынан бас тартуды ұйғарды 17 наурыз 2015, 10:29

Елеусізов бұған бірнеше себеп болғанын айтты. Эколог 13 наурызда Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген еді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Мэлс Елеусізов Орталық сайлау комиссиясында. ©Тengrinews.kz Мэлс Елеусізов Орталық сайлау комиссиясында. ©Тengrinews.kz

"Табиғат" экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов президент сайлауы додасынан өз кандидатурасын алып тастауды ұйғарды, оған - қаражаттың тапшылығы себеп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен өз кандидатурамды алып тастауға шешім қабылдадым", - деп мәлімдеді Елеусізов ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында журналистерге. Ол тиісті өтінішін тапсырып қойды. 

Елеусізов бұған бірнеше себеп болғанын айтты. "Бірінші кезекте - қаражаттың жоқтығы, мен бұл туралы айтқан болатынмын. Оған қомақты қаражат қажет", - деді ол. 

13 наурыз күні Tengrinews.kz экологтың Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырғанын хабарлаған еді. "Мен сайлауға экологияға қатысты ахуалдың нашарлығын көрсету үшін барамын", - деген болатын Елеусізов. 


Join Telegram