Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мемлекет басшысы Жақсыбековті қабылдады

16 Мамыр 2016, 18:10
0
© Akorda
© Akorda

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әділбек Жақсыбеков Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті өңірлік жалпы өнімінің көлемі 4 триллион 560 миллиард теңгеге жеткен қала бүгінде өсім қарқыны бойынша елде бірінші орында тұрғанын айтты.

Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсімі байқалып жатыр, былтырғы қорытынды бойынша ол 770 миллиард теңге болды. Шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 2014 жылы 93 мың болса, қазіргі кезде 105 мыңға дейін жетті. Шағын және орта бизнес секторындағы қосымша құнның жиынтық үлесі қала экономикасының жалпы көлемінің 62 пайызына жетеғабыл. Биыл 2,1 миллион шаршы метр көлемінде баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған, 2014 жылы бұл көрсеткіш 1 миллионның шамасында болған еді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік даму индикаторлары арасынан жұмыссыздық деңгейінің төмен екенін және 6 мың бос жұмыс орны бар екенін айтып өтті. Өткен жыл қорытындысы бойынша, Астанада жан басына шаққандағы орташа табыс 3,7 миллион теңге болды. Елордада балалардың 84,5 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған, балабақшалар мен мектептер құрылысы жалғасуда. 2015 жылы жаңа туған 100 мың сәбиге шаққанда ана өлімі 7 адамға тең болса, биылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш нөлге теңесті.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланы дамытуға капитал салу тиімді болып шыққанына, бүгінде оның орны толып жатқанына да назар аударды.

"Бұл - қуантарлық көрсеткіштер, ол мемлекеттің, бірінші кезекте қала әкімдігінің сындарлы жұмысының нәтижесі болып саналады. Осы жұмысты жалғастыру керек. Елорда барлық бағыт бойынша үлгі көрсетуге тиіс. "Ақылды қаланы", балама энергетиканы дамыту, жылумен жабдықтау, көшелерді абаттандыру, автотұрақтар салу бағытында көп нәрсе жасалуда. Қала жақсы дамып келеді және бұған қажетті өз қаражаты да бар", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай