28 сәуір 2019 09:05

Мемлекет басшысы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Қазақстан Президенті "бір терезе" қағидаты бойынша жастарға қызмет көрсететін республикадағы алғашқы мекемеге - Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті "бір терезе" қағидаты бойынша жастарға қызмет көрсететін республикадағы алғашқы мекемеге - Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Бұл орталық аймақ жастарына жұмысқа орналасу, мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларына қатысу, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді. Жастарды құқықтық, психологиялық тұрғыдан қолдау және кәсіби бағдар беру - орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Мұнда айына 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға айтқан сөзінде Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасының өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. Мемлекет басшысы жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсете беретінін жеткізді. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев зияткерлік мектебіне барды. 

Мемлекет басшысы оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелесу барысында бүкіл еліміз бойынша құрылған Назарбаев зияткерлік мектептерінің желісі оқытуға және дамытуға зор мүмкіндіктер беретінін айтты.

Мемлекет басшысы "БҰҰ моделі" клубының жұмысымен танысып, роботты техникаға байланысты өткізіліп жатқан жарысқа барды. Қазақстан Президентіне химия-биология бағыты бойынша оқытатын оқу орнының материалдық-техникалық базасының жағдайы, заманауи мультимедиалық құралдармен жабдықталуы жөнінде мәлімет берілді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети