ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2019 | 19:23
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы бірінші жартыжылдықтағы елдегі Конституциялық заңдылықтардың сақталуын бақылау жөнінде мәлімет берілді. Конституциялық Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы барлық іс-шаралар негізгі заңға сәйкес өткізілген.
Мемлекет басшысы Конституцияның жасампаздық әлеуетін толық қолдану қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Конституциялық Кеңес азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесіне әділ көңіл бөліп отырғанын айтты.
Показать комментарии
Читайте также