09 қаңтар 2020 | 12:33

Мемлекет басшысы Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбаевтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Өмірзақ Айтбайұлы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына өлшеусіз үлес қосты. Ол қазақ терминологиясының дамуына, тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және ірі ғалым еді. Қазақ зиялыларының арасында өзіндік орны бар қадірлі Өмірзақ Айтбайұлының ғылыми мұрасы ел болашағы мен ұлт игілігіне қызмет ете береді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Бүгін филология ғылымдарының докторы, профессор Өмiрзақ Айтбаев қайтыс болды

"2020 жылы 9 қаңтарда таңертең Алматыда асқар тау ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмiрзақ Айтбайұлы Айтбаев дүниеден өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты ұжымы Өмірзақ Айтбайұлы отбасының қайғысына ортақтасып көңiл айтады", - делінген қаралы хабарда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети