26 қазан 2016 00:10

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Елбасы Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Елбасы Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Келіссөздер барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сауд Арабиясы ынтымақтастығының негізгі бағыттарын, атап айтқанда, сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, тараптар өзара іс-қимылдың түрлі салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында зор әлеуетке қол жеткізілгенін және қарқынды даму бар екенін атап өтті.   

Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына ресми сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шарт;

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы Адамдарды ұстап беру туралы шарт;

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.  

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясына жасаған сапарын қорытындылады. 

"Сапар аясында энергетика, тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы, сауда-саттыққа қатысты жалпы құны 60 миллиард теңгеден асатын 10 келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, олардың арасында Оңтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикасы, Ақмола облысындағы азық-түлік өндірісі жөніндегі келісімдер бар. Қазіргі таңда Қазақстанда Сауд Арабиясының қатысуымен 17 кәсіпорын жұмыс жүргізуде", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті тауар айналымын ұлғайтуға логистикалық қиындықтар кедергі келтіріп келгенін атап өтті.

"Бұл ретте біз болашақта жемісті ынтымақтастық орнату үшін Жол картасын жасап, екіжақты үкіметаралық комиссия, экономиканың жекелеген салалары бойынша жұмыс топтарын құру туралы келісімге келдік. Біздің елде ортақ жобаларды қаржыландыру үшін бірлескен инвестициялық қор құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ  мен саудтық серіктестерімізді инвестициялық-инновациялық жобаларға, "Нұрлы жол" бағдарламасына атсалысуға шақырдым. Бұл Қазақстанның пайдасы үшін ынтымақтастық орнатуға өте жақсы негіз болады", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Корольдікпен өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарына назар аударды.

"Саудтық серіктестеріміздің күн мен жел энергетикасын пайдалану тәжірибесі бар. Сауд Арабиясы энергетика саласындағы өздерінің жаңа әзірлемелерімен Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне белсене қатысатын болады. Сондай-ақ келіссөздер барысында біз мұнай мен газ саласындағы жүргізіліп отырған саясатты талқыладық. Жалпы, біз осы өңірдегі маңызды бұл елде өте пайдалы әрі аса қажетті кездесулер өткіздік деп санаймын", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясындағы сапары барысында Корольдіктің аш-Шура Меджлисінің басшысы Абдуллах ибн Мұхаммед Әл-Шейхпен кездесті. 

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясының өзара қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Елбасы қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асатынына сенім білдірді.

Абдуллах ибн Мұхаммед Әл-Шейх Нұрсұлтан Назарбаевты екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту үшін барынша күш салатынына сендірді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети