06 мамыр 2016 15:51

Мемлекет басшысы "Шеврон" компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda © Akorda

Мемлекет басшысы "Шеврон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы "Шеврон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен "Шеврон" компаниясының мұнай және газ саласындағы ынтымақтастығы, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ корпорацияның кенішті игеруге қатысу аясын кеңейту мәселелері талқыланды.

Елбасы Қазақстан үшін "Шевронның"  маңызды серіктес екенін атап өтті. "Біз етене жақын достармыз. Ынтымақтастығымыз өзара тиімді. Сіздің компанияны біз басқа мердігерлерге үлгі етеміз. Қазір күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бұрын шикізат бағасы тым жоғары болғандықтан шалқып өмір сүрдік. Бүгінде баға әлдеқайда  көңілге қонымды. Сондықтан бізге жаңа бағамен және үлкен өндіріс көлемімен өмір сүріп үйрену керек", -  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті  "Шеврон"  компаниясының елімізде қызмет жасағалы бері бюджетке 113 миллиард доллар төлегеніне, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқанына назар аударды. "Теңізшевройл" қызметкерлерінің  85 пайызы - қазақстандықтар, барлық буын басшыларының  73 пайызы - еліміздің азаматтары. Бұл басқа инвесторлар үшін жақсы өнеге", - деді Мемлекет басшысы.

Джон Уотсон өз сөзінде елдегі қолайлы инвестициялық ахуалға қолдау көрсеткені және саланы дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.  

Мен қоршаған ортаны қорғау және өндірістегі қауіпсіздік мәселелеріне Сіздің зор көңіл бөлетініңізді білемін. Біздің кәсіпорын осы көрсеткіштер бойынша әлемдегі үздіктердің бірі. Биыл біз Теңіз кенішінде күрделі жөндеу жүргіземіз, одан кейін күкірт қалдығы қоршаған ортаға таралмайтын болады", - деді "Шеврон" компаниясының басшысы.

Джон Уотсон қазақстандық өнім үлесін ұлғайту компания қызметінің басымдығы бар бағыты болып қала беретінін, қазіргі кезде оның көлемі 20 миллиард доллар болып отырғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети