05 ақпан 2014 12:33

Мемлекет басшысы Украинаның негізгі проблемасын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Lenta.ru сайтынан Фото Lenta.ru сайтынан

Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссия басшыларымен кездескен Президент Нұрсұлтан Назарбаев Украина бүгінгі мәселесіне тоқталып, ол елдегі тәртіпсіздіктердің негізгі себебін атап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бүгінде өз шешімін таппаған әлеуметтік мәселелер көптеген мемлекеттерде болып жатқан дау-жанжалдарға себеп болуда. "Әсіресе, жұмыссыздық, жастар арасындағы жұмыссыздық елдегі ішкі шиеленісті күшейтіп отырады. Мәселен, қазіргі Украинадағы жағдайды алайықшы, ондағы негізгі себеп-салдардар әлеуметтік мәселеде жатыр", - деді Н.Назарбаев. Президенттің айтуынша, кеңестер кезінде Украина Ресейден кейінгі екінші мықты мемлекеттердің бірі болатын. "Қазір болса, ол мемлекетке тиесілі экономиканың жалпы көлемі Қазақстаннан 25 пайызға төмен. Ондай жағдайға жол беруге болмайды. 50 миллион халқы бар экономика... ол қалай? Мен айтқандай, ең алдымен экономиканы қолға алу керек еді, сосын барып саясатпен айналысуға болады", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети