11 сәуір 2014 16:54

Мемлекет қаржысын қайтармайтын бизнесті банкрот қылу қажет - Президент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©i-news.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©i-news.kz

Қазақстанда мемлекет қаржысын қайтара алмайтын компаниялардың тең жартысын банкротқа ұшырату қажет. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің бүгінгі отырысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда мемлекет қаржысын қайтара алмайтын компаниялардың тең жартысын банкротқа ұшырату қажет. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің бүгінгі отырысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы аграрлық салада көктемгі егіс және ору науқандарына жыл сайын бөлінетін несиелердің қайтарылмай жатқанын ерекше атап өтті. "Ондай несиелердің көлемі барған сайын артып келеді. Мәселен, қазір ірі төрт компанияның мойнында 800 миллиард теңге бар. Ал астық көлемі жағынан 2 миллион тоннаны беріп отыр. Қазақстан үшін ол қауіпті емес", - дейді Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, ондай бизнесті банкрот қылу қажет. "Ашығын айтсақ, олардың тең жартысын банкротқа ұшырату қажет. Әлем бойынша бизнестің бәрі солай жұмыс істейді. Олай болмаса, күндердің күнінде бұның барлығы (қайтарылмайтын несиелер - авт.) "жарылады", міндетті түрде "жарылады". Жыл сайын қайтарылмайтын ақшаны беріп тұруға болмайды. Олармен не істейтінімізді нақты шешім алуымыз қажет. Компанияларды банкротқа ұшырату қажет. Олардың орнынан басқа менеджмент келсін", - деп қадап айтты Мемлекет басшысы.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети