31 қаңтар 2017 17:10

Мемлекетке қажет емес нысандар сүрілуі мүмкін - ҚР ұлттық экономика министрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов © Тengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҰР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтерінің қайта құрылуы мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтерінің қайта құрылуы мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз жолдаудан естігендей, кейбір нысандар қайта құрылады немесе мүлдем жойылады. Яғни жарамсыз, мемлекетке пайдасы жоқ нысандар жойылады. Бұл дегеніміз кешеннің жекеменшік екені түсінікті, алайда ол заң жүзінде жойылады", - деді Сүлейменов ҚР үкіметінің отырысынан кейін өткен брифингте. 

"Бәйтерек" холдингінің төрағасы Ерболат Досаев журналистердің сұрағына жауап бере отырып, қазіргі уақытта холдингтердің бірігуі туралы айту әзірше ерте екенін айтты. Ұлттық холдингтің төрағасының айтуынша, бұл мәселе тек талқылау сатысында тұр. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті мемлекеттік холдингтердің ("Самрұқ-Қазына", "Бәйтерек" және "ҚазАгро") рөлін қайта қарап шығуды тапсырған. Сондай-ақ, оларға бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік емес қаржы көздері арқылы қор қалыптастырумен айналысу керектігін айтты.

"Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтерін де қайта құру қажет. Олар мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі операторлар болуға тиіс. Соған орай олардың функцияларын оңтайландыру керек. Жеке сектор жүзеге асыра алатын нәрсенің барлығы бизнеске берілуі қажет", - деді Мемлекет басшысы халыққа жолдауында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети