15 маусым 2019 13:17

Мемлекеттен жалақы арттыруға 144 миллиард теңге бөлінді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Биыл 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы артады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Биыл 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы артады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

"Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ, басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады", - делінген хабарламада. 

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 миллиард теңге көзделген.

"Мысалы, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңге болды. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап - 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130 теңгені немесе 21 пайызды көрсетеді.

Екінші мысал ретінде 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысын ұлғайтуды қарастырамыз. Мәселен, 1 маусымға дейін ол 58 984 теңге алса, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап жалақы 76 114 теңгені көрсетеді, бұл жерде жалақы өсімі - 17 130 теңге немесе 29 пайыз"", - деді ведомстводағылар. 

Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети