Мемлекеттік Елтаңба авторының қолтаңбасы бар "Қазақстан Елтаңбасы" кітабын агенттіктің қызметкерлері алды

05 Маусым 2018, 17:20
0
Мемлекеттік Елтаңба авторының қолтаңбасы бар "Қазақстан Елтаңбасы" кітабын агенттіктің қызметкерлері алды - © Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
© Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Мемлекеттік Елтаңба авторының қолтаңбасы бар "Қазақстан Елтаңбасы" кітабын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі Саян Ахметжановтың басшылығымен Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековпен шығармашылық кездесу өтті.

Іс-шара барысында Жандарбек Мәлібеков Мемлекеттік Елтаңбаны құрудың жай-күйі мен тарихы, заманауи саяси мәдениетке, тарихи өзін-өзі тануға және жаңа мемлекеттің құрылуының негізгі қағидаттарына сәйкес келетін бірегей тіркесімін қалай тапқаны туралы әңгімеледі.

Мемлекеттік елтаңбаның авторы ұлттық және мемлекеттік құндылықтары туралы нақты түсінік пен сабақтардан тұратын "Қазақстан Елтаңбасы" кітабын ұсынды. Қалаған қызметкерлер Жандарбек Мәлібековтің қолтаңбасымен кітаптар алды.

Кездесу барысында ол шығармашылық жолдар мен мемлекеттік рәміздерді насихаттау мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Айта кету керек, бұл Агенттік қызметкерлерінің Жандарбек Мәлібековпен екінші рет кездесуі. Өткен жылы Агенттікте оның қатысуымен мемлекеттік рәміздер экспозициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай