22 қаңтар 2015 13:05

Мемлекеттік хатшы БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қоры кеңсесінің басшысымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлшара Әбдіқалықова. ©Тұрар Қазанғапов Гүлшара Әбдіқалықова. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының Орталық Азия жөніндегі кеңсесі директоры Николай Ботевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының Орталық Азия жөніндегі кеңсесі директоры Николай Ботевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуге қордың Қазақстан Республикасындағы атқарушы өкілі Райымбек Сисемәлиев, сонымен қатар Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.

Әбдіқалықова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы қорының Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқаты артуындағы елеулі үлесін атап өтті. "Мемлекеттік хатшы Қазақстанның мемлекеттік органдарының – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің, сондай-ақ Мемлекет басшысы жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының БҰҰ қорымен арадағы ынтымақтастығының деңгейіне қанағаттанатынын білдірді", - делінген Ақорданың сайтында. 

Гүлшара Әбдіқалықова 2014 жылы қордың мемлекеттік органдармен арадағы өзара іс-қимылдарының – отбасын жоспарлаудың маңызды бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асқанын, әйелдер мен жастардың, көшіп келушілер мен оралмандардың денсаулығын репродуктив түрде қорғаудың қамтамасыз етілгендігін, денсаулық сақтау жүйесіндегі гендерлік зорлық-зомбылыққа шұғыл тосқауыл қоюдың, мемлекеттік қызметкерлерді тұрғын халық саласындағы және дамуындағы мәселелермен таныстырудың табысты болғанын атап көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының "Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауының аясында халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети