26 қаңтар 2015 15:26

Мемлекеттік хатшы Президентке алдағы мерейтойларға дайындық туралы баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©altyn-orda.kz ©altyn-orda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Гүлшара Әбдіқалықова алдағы мерейтойлық даталарды – Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы баяндады. "Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды", - делінген хабарламада. 

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент жобасына байқау жарияланғаны хабарланған еді. Байқаудың шарты бойынша, "ұсынылған жобалар ансамбльдік үйлесімді шешіммен қорытындыланған жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы" тиіс. Жоба авторы монументтің көркемдік шешімі мен негізгі идеясы мазмұндалған қысқаша түсініктемені ұсынуы тиіс. Материалдар 10 ақпанға дейін қабылданады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети