1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары қызметінен босатылды

© sgork.gov.kz © sgork.gov.kz

Әзімхан Жүсіпов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Әзімхан Әлиханұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Әзімхан Жүсіпов Мемлекеттік күзет қызметі басшысының міндетін атқаратын болды

Әзімхан Жүсіпов 1969 жылы 22 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 1987 жылдан 1989 жылға дейін Кеңес Армиясында мерзімді әскери қызмет атқарды. "Құқықтану" мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. "Әскери істегі стратегиялық менеджмент" мамандығы бойынша әскери іс және қауіпсіздік магистрі.

1994 жылы ҰҚК органдарына қабылданды. 2001 жылы Президенттің күзет қызметіне ауыстырылды, ведомствоның бірқатар бөлімшелерін басқарды.

2017 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Қасымов АҚҚ-ны басқарды, ал Әнуар Садықұлов ҰҚК төрағасының орынбасары болды.

Доллар арзандады