04 наурыз 2014 08:59

Мемлекеттік қызметке үміткерлер үйден шықпай-ақ тестілеуге жазылуына болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

egov.kz сайты egov.kz сайты

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ағымдағы айдан бастап, мемлекеттік қызметке үміткерлерге тест тапсыруға рұқсат алу шарттарын айтарлықтай жеңілдетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ведомоства баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді барлық тілек білдірушілер үйден шықпай-ақ тестілеуге жазылып қоюына болады. Интернет арқылы "электронды үкімет" (egov.kz) веб-порталының "Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу" бөліміне кіріп, "Тестілеуге жазылу" қызметін таңдайды. Егер қолында интернет болмаса, хабарламада айтылғандай, онда тестілеуге тіркелу үшін жақын жердегі ХҚКО немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттеріне баруына болады. Бұл үшін тек жеке куәлігін алып барса жеткілікті. Бұдан бөлек, әрбір үміткер тіркелу кезінде тестілеу өткізу орнын және уақытын өзі таңдай алады. Сонымен бірге жергілікті аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға бөлек жеңілдетілген бағдарлама енгізілгені хабарланып отыр. Бұл бағдарлама сәйкес, үміткер сегіз заң емес, бұрынғыдай алты заң бойынша тестілеуден өтеді. Сондай-ақ, әрбір заңға жауап беру уақыты да ұзартылған. Онымен қоса тестке қатысушылардың жауапкершілігі күшейтілді. Мысалы егер үміткер тест кезінде нашар нәтиже көрсетсе, онда ол келесі тестілеуге бағдарламадан тәуелсіз үш айдан кейін ғана жіберіледі. Басқарма қызметінің құрамымен тестілеудің шынайылық нәтижесін тексерудің мүмкіндігі кеңейді. Агенттіктің ресми сайты арқылы (www.kyzmet.gov.kz) мемлекеттік органдардың бөлімдері, конкурстық іріктеуге жауаптылар үміткер тестілеуден нақты өтті ме және ол қандай нәтиже көрсете алды, осының бәрін анықтай алады. Тестілеу рәсіміне рұқсатсыз кіруге қарсы ақпараттық қауіпсіздікке жүйелі шара қолданылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети