15 қараша 2016 16:45

Мемлекеттік қызметкерлер бірыңғай форма кимейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлер бірыңғай форма киеді делінген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлер бірыңғай форма киеді делінген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік өкілдері редакцияның ресми сауалына жолдаған жауабында мемлекеттік қызметкерлердің бірыңғай форма киетіні туралы қауесетті жоққа шығарды. 

"ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексінде мемлекеттік қызметкерлердің сыртқы келбеті қызметтік міндетін атаруы кезінде мемлекеттік аппараттың абыройын көтеруге қолғабыс ету, іскерлік мәнерге сәйкес келуі, осылайша ресмилікті, ұстамдылықты және ұқыптылықты білдіруі туралы міндет қарастырылған", - деді Агенттіктің ресми өкілі Ақжан Рсалдинов.

Еске салайық, қазақстандық БАҚ-тар мемлекеттік қызметкерлер бірыңғай киім формасының енгізілді деп хабар таратқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети