14 тамыз 2015 13:36

Мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін әдеп жөніндегі құзыреттілер бақылайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің тәртібінің бірыңғай стандарттары жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің тәртібінің бірыңғай стандарттары жасалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін жасау және әдеп жөніндегі құзыретті институтты енгізу мәселелері қарастырылған семинар-тренинг өтті. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төраға орынбасары Алик Шпекбаев қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасының жүйесі құрылғанын, оның "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңнан, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексінен және қызметтік этиканың ведомстволық ережелерінен тұратынын айтты. "Бүгінде әрбір мемлекеттік органда қызметтік этиканың ведомстволық ережесі Кодекстегі қағидаларды қайталайды", - деді ол.  

Жаңа этикалық кодекстің стандарттарының мемлекеттік қызметкерлердің жағдаяттардағы әдебінің формаларының кеңейетіні, қоршаған ортамен мүдделер қайшылығы туған жағдайдағы әдебін нақтылай түсетіні және жүйелендіретіні айтылды. Осылайша әдеп стандарты жаңа сапалы деңгейге көтеріліп жатыр әрі мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру үстінде.

Шпекбаевтің айтуынша, Этикалық кодексті қолдаудың тиімді механизмі - "этика жөніндегі құзыреттілер".  Болуы мүмкін мүдделер қайшылығы мен өзге де этикалық мәндегі проблемалар туған жағдайда қызметкерлер мен олармен байланысатын азаматтар осы құзыретті адамдарға кеңес сұрап барады. 

Этика жөніндегі құзыретті адамның қызметіне келесілер жатады: этикалық нормалардың бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметкерлерге этикалық нормаларды қолдану, құқықтарды қорғау және мемлекеттік қызметкерлердің мүддесін қорғау бойынша кеңес беру, ұжымда қуанышты моральдық-психологиялық көңіл-күй орнату.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети