07 сәуір 2017 17:54

Мемлекеттік қызметкерлерге ең көп шағымданатын өңірлер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бір жыл ішінде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 382 шағым түскен. Олардың көбісі еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерінен, сондай-ақ, Алматы қаласынан келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бір жыл ішінде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 382 шағым түскен. Олардың көбісі еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерінен, сондай-ақ, Алматы қаласынан келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2016 жылы мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексті бұзуына қатысты 382 шағым түсті. Олардың 76-сы - дөрекілік әрекеттері, 38-і - қызметтік көлікті жеке мақсаттарда пайдалану, 32-сі - көлік құралдарын мас күйде жүргізу, ал қалғандары қызметтегі міндеттерін өздеріне лайықсыз түрде орындау. Шағымдардың басым бөлігінің Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ, Алматыдан екеніне назар аудару керек", - деді агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, былтыр агенттікке 265 шағым түскен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп екен.

Сондай-ақ, Алик Шпекбаев жемқорлық деңгейі ең жоғары әкімдіктіктердің Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети