Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков дүниеден өтті

16 Тамыз 2014, 14:31
0
Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков дүниеден өтті - Шәкен Ниязбеков. Фото news.allinfo.kz сайтынан алынды
Шәкен Ниязбеков. Фото news.allinfo.kz сайтынан алынды

Алматыда Қазақстанның мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Алматы қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөліміне сілтеме жасай отырып.

Шәкен Ниязбеков 76 жасқа қараған шағында өзінің пәтерінде 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні қайтыс болған. Қоғам қайраткерімен  қоштасу рәсімі 18 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда өтеді.

Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қазанда Жамбыл қаласында (Тараз) туған. Ленинградтың В.И.Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесін тәмамдаған.

Ол кезінде мемлекет және қоғам қайраткері, Алматының "Құрметті азаматы" деген марапатқа лайық деп танылды. 1992 жылы Шәкен Ниязбеков  Қазақстанның мемлекеттік туының авторы атанды. Сондай-ақ Алматының елтаңбасы мен Бауыржан Момышұлы монументінің де авторы еді. 

Бұған қоса Шәкен Ниязбеков кеңестік кезеңде  "Волго" автокөлігінің дизайнын жасаушылардың құрамына да қатысқан. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай