28 қаңтар 2019 | 10:28

"Мен айғайлай да, жылай да алмаймын, ішім тола күйік" - Баласы соқырішектен қайтыс болған ақтөбелік әйел

© diapazon.kz

Ақтөбеде соқырішекке жасалған отадан кейін 9 жастағы бала қайтыс болды. Өлімнің нақты себебі белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде соқырішекке жасалған отадан кейін 9 жастағы бала қайтыс болды. Өлімнің нақты себебі белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

9 жастағы Нұрәділдің анасы Асима Қонысбаеваның айтуынша, 15 қаңтарда кешкі уақытта балас жаттығудан келген, сосын ішінің ауырып жатқанын айтқан. Кейінірек балада соқырішек екені анықталды. Аудандық ауруханада балаға ота жасаудан бас тартқан, ол жақта бала хирургі болмаған, сондықтан да оны облыстық балалар ауруханасына жіберген. "Дәрігер көлік бар ма?" деп сұрақ қойды. Біз бар дедік. Қалаға барар жолда ол бұзылып қалды. Жұбайым Ақтөбеден ағаларын шақырды. Біз асықтық, аппендициті жарылып кете ме деп қорықтық", - дейді Асима. 

Реклама
Реклама

Анасының сөзі бойынша, облыстық балалар ауруханасында хирургі балада аппендицит бар екенін, сондықтан отаға жатқызатынын айтқан.

"Баламды алып кетті, үйіме қайтуымды сұрады. Олар бала тоғызда, сондықтан ата-анасын қалдырмайтынын айтты. Мен бәрі осылай аяқталарын білгенде, ол жерден кетпес едім. Менің ойымша, отадан соң оған мүлдем қарамаған сияқты", - дейді Асима Қонысбаева.

Таңғы уақытта баланың ата-анасына дәрігерлер қоңырау шалып, баланың ауыр жағдайда екенін айтқан.

"Маған сағат 10-нан кейін қоңырау шалды. Ал балам таңғы сағат 6-да қайтыс болған. Дәрігерлер біздің нөміріміз жазылған картамызды таба алмаған. Бізді аудандық аурухана арқылы іздеген. Бірақ картаны сол жақта қалдырғанмын", - деді ол.

Ата-анасын кабинетке кіргізіп, дәрігерлер баланы құтқара алмағанын айтқан. Себебін түсіндіре алмаған. Бар айтқаны отаның сәтті жасалғаны болыпты. "Шок болды" деп, анықтау үшін сарапшыны күтіп жатқанын хабарлаған.

"Біз оның денесін сол күні алып кетіп, жерледік. Бір күнде жатқызқанымыз жоқ. Имамның оны 13 жасқа толмағанын айтты. Маған оны көрсетпеді. Бөгетсайда жерледік. Осыдан бес күн бұрын ол жерде қайын атамды жерлеген. Екеуі жақын жерленген", - деді баланың анасы.

Осыдан кейін, оның айтуынша, балалық ауруханадан және Хромтау аудандық ауруханасынан көңіл айтуға дәрігерлер келген.

"Ауруханада олар мұндай жағдайлар болатынын айтты. Бірақ түсініксіз жағдай болып тұр. Мұндай жағдайлар көп болса, олар әркімге барып көңіл айта ма? Балам өлгеннен кейін дәрігер неге жұмыстан өз еркімен шығып кетті. Нұрәділдің картасын неге таба алмады? Неліктен анафилаксиялық шоктан кейін оны құттаруға әрекет жасамады? Бұл ауруханада ғой! Неліктен Хромтау ауруханасы сол түні біздің қалаға жеткенімізді сұраған жоқ? Біз ауру баламен далада қалумыз мүмкін еді ғой. Біреулер ол есіне келіп өлгенін айтуда, біреулер наркоздан кейін оянбады дейді. Шындық қайда? Бұл жағдай маған түс сияқты болып тұр. Мен айқайлай да, жылай да алмаймын, ал ішімде болса күйік", - деп күйінішпен айтты Асима.

Нұрәділ Қонысбаев № 5 Хромтау мектебінің озық оқушысы болған. Оның үлгерімі жақсы және таэквондо, бимен шұғылданған. Өлім себебін арнайы комиссия қарап анықтап жатыр.

Ақтөбе облысының Ақтөбе денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, алдын ала зерттеу бойынша өлімнің себебі - кеш аллергиялық реакция, анафилактикалық шок. Балалық ауруханасының Реанимациялық бөлімнің меңгерушісі Жаскайрат Сатаев болған жағдайдан кейін жұмыстан шығып кеткен.

"Ауруханада 30 жыл жұмыс істедім. Ол түні мен жұмыста болмадым. Болған жағдай туралы таңғы сағат алтыда естідім, маған ол туралы қоңырау шалып айтты. Ол түні аппендицитпен басқа да балаларға ота жасалған, Хромтаудағы бала бесінші болды. Нақты не болғанын білмеймін. Бұл мәселені комиссия қарап жатыр. Оның қатарында фармакологтар мен басқа да мамандар бар. Жұмыстан шығу туралы шешімді өз еркіммен қабылдадым" - деді ол.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная