29 сәуір 2015 11:39

Мен еліміз бен жалпы ұлттық мүддені қорғаймын - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты ұлықтау рәсімінде қазақстандықтарға арнап сөз сөйледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты ұлықтау рәсімінде қазақстандықтарға арнап сөз сөйледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа ғана мен еліміздің Конституциясына сәйкес, халқыма ант бердім, оның сөздерін мен бүгін ең игі әрі жарқын мереке - Бірлік күні қарсаңында айттым. Сайлау біздің қоғамдағы бірліктің күшін айқын көрсетіп берді. Мен бүкіл халқыма алғысымды айтамын. Біз бүкіл әлемге бірлік пен ынтымақтастықты көрсеттік. Сайлаушылардың көптігі бойынша өткен сайлау тарихта қалады. Қазақстандықтар Отанға тағы да қызмет етуге шақырып, маған сенім артты. Біз қиын жолдарды бірге жүріп өттік, өзімізге сендік, мемлекетті құрдық, әлемге жаңа Қазақстанды аштық, өзімізді бірлігі жарасқан ұлы ұлт ретінде таптық. Сіздердің сенімдеріңіз әрдайым маған шабыт береді және қазір де бар жауапкершілігіммен өткен жылдардағыдай бүкіл азаматымыз бен еліміздің амандығын сақтап, біздің жалпы ұлттық мүддемізді қорғаймын деп айтқым келеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімі кезінде.

Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтіп жатыр. Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады. Қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Ант берді. Мемлекет басшысы Конституцияға оң қолын қойып, Қазақстан халқына Антты оқып берді.

Қайта сайланған Президенттің құрметіне, ұлықтау рәсімі басталмай тұрып бес рет оқ атылды, бұл оның өкілдік мерзімін білдіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети