05 наурыз 2018 13:40

"Мені қолдайтын халыққа алғыс айтамын". Назарбаев халыққа үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен отырысында қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының біріккен отырысында қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 5 наурызда Мемлекет басшысы жақын арада жүзеге асыру қажет жаңа бес әлеуметтік жобаны атады. Осы орайда Президент ұсынылған барлық бастамаға қолдау көрсетіп жатқан қазақстандықтарға алғыс айтты.

"Мен халыққа маған қолдау көрсетіп, мен ұстанған саясатты қолдайтындары үшін үнемі алғыс айтып келемін. Халқыма осы үшін рақмет, халқымды құрметтеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырысқа қатысушылар Президенттің сөзіне қошемет білдірді.

"Осы жетістіктерімізді арттыру үшін және тәуелсіздігімізді нығайту үшін бізге ынтымақтастық керек. Бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап келсек, бейбіт еліміздің өміріне еш қауіп төнбейді. Біз тұрақсыз уақытта тұрып жатырмыз, болашақта не күтіп тұрғанын білмейміз. Рухы мықты халықты ешкім тартып ала алмайды. Мәселе халық санында емес, ең бастысы - рухани бірлік пен ынтымақтастық", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президенттің айтуынша, бүгінде қойылған тапсырмаларды орындау үшін барлығы да жұмыс істеуі қажет: жұмыс орындарында, Парламентпен және үкіметтегілермен бірігіп.

"Барлығын қайта қарап шығып, осы бастамаларды жүзеге асыру керек. Экономика өсімі мен экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты біз бар күшімізді халықтың дәулеттігін арттыруға жұмсаймыз. Және бұл тек бастаманың басы деп айтуға болады", - деді Президент қазақстандықтарға.

Сонымен қатар, бүігн Мемлекет басшысы елімізде шағын несиелеу ауқымын кеңейту үшін қосымша 20 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

Осыған дейін Нұрсұлтан Назарабаев отырыс барысында тұрғын үй ипотекасын қолжетімді ете алатын жаңа "7-20-25" бағдарламасын таныстырған болатын. Президенттің айутынша, несие 10-15 жылға емес, 25 жылға 7 пайызбен беріледі.

Айта кетейік, бүгін, 5 наурызда Астанада Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысы өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети