08 тамыз 2018 08:45

Мен мұндай қызды тәрбиелемедім - Нью-Йоркте ұсталған қазақстандық азаматшаның әкесі

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасының видеосынан алынған сурет КТК телеарнасының видеосынан алынған сурет

Нью-Йоркте ұсталған қазақстандықтардың жақындары қыздарға жала жабылды дейді. Бірінің әкесі қызымен бес жылдан аса хабарласпапты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Нью-Йоркте ұсталған қазақстандықтардың жақындары қыздарға жала жабылды дейді. Бірінің әкесі қызымен бес жылдан аса хабарласпапты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Диора Ашировның әкесі Мирсултан Ахунжановтың айтуынша, қызы жолдасымен және кішкентай баласымен 2010 жылы АҚШ-қа көшіп кеткен. 

"Ештеңе білмеймін, оның кеткеніне сегіз жыл болды. Алдымен анасы кеткен. Екі жылдай хабарласып тұрды, бірақ кейін араласпай кеттік. Мен де Америкаға қоңырау шалатын бай емеспін. Тараздың өзінде әрең жүрмін. Жаңалықты қарап таңғалдым, мен мұндай қызды тәрбиелемедім", - деді ер адам. 

Мирсултан Ахунжановтың болжауынша, қызын қылмыс жасауға басқа қазақстандық азаматша итермелеуі мүмкін, есімі Азиза Джавадзаде (Джалолова). Алайда Азизаның анасы бұл тұжырыммен үзілді-кесілді келіспейді. Уаймдағаннан әйел ауруханаға да жеткізіліпті. 

"Оның Америкада жүргеніне бес жыл болды. Медицина оқуын бітірді. Жұмыс істеді. Бәлкім, жала оған жапқан шығар, білмеймін, жаңалықты да оқи алмай қалдым. Ол наурызда ғана күйеуге шыққан", - деді әйел телеарна тілшісіне. 

Еске сала кетейік, АҚШ-та қазақстандық үш азаматша ұсталған еді. Осыған дейін 20 адамның АҚШ-та көліктерді сатып, ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып жатқаны хабарланған болатын. Оңтүстік округтің прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топтың құрамында Ресейдің жеті азаматы, Грузияның бес азаматы, Әзірбайжанның төрт азаматы және Қазақстанның үш азаматы, Латвияның екі тумасы, Украинаның екі азаматы болған. Сондай-ақ, айыпталғандардың ішінде АҚШ пен Түркия азаматтары бар.

Айыптау қорытындысы бойынша айыпталушылардың көлік сатылатыны жайлы жалған хабарламалар жариялап, адамдардан кепілақы алып, жасырынып жүргенін айтады. Мұнымен қоса, алаяқтар жалған фирмалар ашқан. Осылайша, олардың келтірген залалы шамамен 4,5 миллион долларға жеткен. Прокуратура мәліметінше, осы істегі әрбір фигурант 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәлімет: КТК телеарнасы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети