02 маусым 2019 11:46

"Мен өзім осындай аулада өстім". Байбек аулаларды абаттандыру қарқынын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әуезов ауданының аулаларын абаттандыру қарқынын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әуезов ауданының аулаларын абаттандыру қарқынын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда соңғы үш жыл ішінде 700 мыңға жуық қалалықтар тұратын 1487 аула жөнделді және абаттандырылды. Биылғы жылы қаланың көпқабатты үйлерінің 72 пайыз қамтитын тағы 638 ауланы реконструкциялау жоспарланған.

Жаңарған аулаларда жаңа балалар және спорт алаңдары, балалардың спортпен айналысуы үшін тренажерлер мен ойын кешендері пайда болуда. "Қауіпсіз қала" бағдарламасы бойынша жарықтың жаңа діңгектері мен видеокамералар орнатылуда.

"Мен өзім осындай аулада өстім, алға қойған міндетім - қарапайым жандарға жақсы жағдай жасау. Екі жыл ішінде біз адамдардың көшеге шығуы, балалардың сыртта ойнауы, ересек жандардың өзара араласуы, қонаққа баруы үшін Алматының барлық аулаларын 100 пайыз жөндейміз. Сонда ғана менің аулам мен менің қалам екенін сезінуге болады. "Қала адамдар үшін" концепциясының басты мәні осында", - деп атап өтті Бауыржан Байбек Ақсай-4 ықшам аудан тұрғындарымен кездесу барысында.

Айта кетерлігі, 2015 жылы қалалықтардың талқылауынан соң қабылданған "Алматы-2020" Бағдарламасы аясында мегаполисте тарихи орталықтың 60 пайыз, 600 көше жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 шақырым арық және 2000 шақырым инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық өтпелі жолдары жаңарды.

Биылғы жылы қаланың 14 ықшам аудандарында 456 көше салынуда және 140-тан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар парктер, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қала кеңістігінің қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамдары орнатылады.


Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети