07 қазан 2019 | 09:31

Мен Сталиннің жақтаушысы емеспін, дегенмен, оның пікірімен келісем - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда баспасөз қызметі Ақорда баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында 3 қазанда Сочиде "Валдай" форумына қатысқаны жайлы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында 3 қазанда Сочиде "Валдай" форумына қатысқаны жайлы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жуырда Сочиде өткен Валдай форумында әлемдік саясаттағы Шығыс пен Еуразияның рөлі туралы қызу пікірталас өрбіді. Сонда Қазақстанның да, Ресейдің де Азия мен Еуропаның ортасында жатқан еуразиялық мемлекеттер екенін мәртебелі сарапшылардың естеріне салуыма тура келді. Біз географиялық жағынан да, тарихи тұрғыдан да, менталдық ерекшелігімізбен де байланғанбыз. Осының бәрі саясатқа, өмір салтымызға, халықтарымыз бен мемлекеттеріміздің тағдырына ықпал етеді", - деп жазды ол. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Иосиф Сталиннің өмірбаянынан мысал келтірді. "1940 жылы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдайды. Сонда Сталин Жапонияның Совет Одағына шабуыл жасауы ықтимал екенін біле тұра, "Біз, азиаттар, бірге болуымыз керек" деген екен. Әрине, мен Сталиннің жақтаушысы емеспін, дегенмен, оның пікірімен келісемін: біз, еуразиялықтар, бірге болуымыз керек", - деді Президент. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети