1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Меркель ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды17 мамыр 2017, 16:37

Мемлекет басшысының Өкімімен Иоган Давидович Меркель басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Иоган Давидович Меркель Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорда сайтында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Николай Васильевич Белоруков өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметінен босатылды.