10 ақпан 2014 13:51

Мешімбаеваға шетелдік әріптестері араша түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анар Мешімбаева. ©Әсел Сатаева Анар Мешімбаева. ©Әсел Сатаева

ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға оның шетелдік әріптестері араша түсті деп хабарлайды Tengrinews.kz сот залынан. Сотта Мешімбаеваның адвокаты Ботакөз Бейсембаева БҰҰ жанындағы Еуропалық экономикалық комиссияның статистика жөніндегі бұрынғы аймақтық кеңесшісі Петери Байланың хатын оқып берді. Ол Қазақстан Президентінің атына хат жазып, сот органдарының істі объективті қарауын өтінген. "Бұл хатты жолдай отырып, біздіңше келесі жағдайлар ескерілуі тиіс әділ шешім қабылдауға шақырамыз: доктор Мешімбаеваны тұтқынға алудан босатып, оған кез келген қазақстандық сияқты өз кінәсіздігін дәлелдеуге, шешім қабылданған соң қоныстануға және өз қалауы бойынша Қазақстанда немесе басқа жерде жұмыс істеуге мүмкіндік беру қажет. Соттың шешім қабылдауы кезінде ойдан шығарылған, айламен жасалған немесе жалған дәлелдер, сондай-ақ негізсіз қорытындылар қолданылмауы тиіс", - делінген хат мәтінінде. Хат иесі Мешімбаеваға қарсы айыптаудың жалған және жаңсақ деректер негізінде жасалғанына сенімді. Мәтіннің астына халықаралық ұйым өкілдері, БҰҰ жанындағы бірнеше комиссия мүшесі қол қойған. Адвокат сотқа түрлі мемлекеттің статистика саласында қызмет ететін өкілдерінің, халықаралық бағдарламалар қатысушыларының үндеуін де ұсынды, оған 70-тен астам адам қол қойған. Судья Ақмарал Исаева бұл хаттарды іс материалдарына қосты. Ал прокурор тараптарды қатар тыңдауды 12 ақпанға қалдыруды өтінді. Сот бұл ұсынысты қанағаттандырды. Процесте осы іс бойынша келген шығын көлемі жария етілді, ол - 558 млн 249 мың 409 теңге. Статистика жөніндегі агенттіктің заң департаментінің директоры Самат Жасұзақов бұл соманы іс фигуранттарының бәрінен тәркілеуді сұрады. Соңғы сот отырысында Анар Мешімбаева 2009 жылғы ұлттық санақ кезінде санақ бланкілерін дайындауға жұмсалған бюджет қаржысының жымқырылуына өзінің қатысы жоқтығын айтып, жауап берген болатын. Тергеудің мәліметінше, бұл бланкілер төмендетілген бағамен (әрқайсысы - 3 теңге) әзірленген, ал бюджеттен олардың әрқайсысы үшін 17 теңге бөлінген. Сот процесі 2013 жылдың 4 желтоқсанында басталған болатын. Мешімбаева екі бап бойынша айыпталып отыр. Оған қатысты қылмыстық істі қаржы полициясы 2010 жылдың 13 қаңтарында қозғаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети