25 қыркүйек 2014 15:53

Мигранттарға қатысты заң Қазақстанда құрылысты тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Еңбек мигранттарына қатысты заңнаманы іске асырудағы қиындықтарға байланысты Қазақстанның әр аймағында құрылыс нысандары кешеуілдеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сенатор Қожахмет Баймахановқа сілтеме жасап.


Еңбек мигранттарына қатысты заңнаманы іске асырудағы қиындықтарға байланысты Қазақстанның әр аймағында құрылыс нысандары кешеуілдеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сенатор Қожахмет Баймахановқа сілтеме жасап.

"Қазір жұмыс күшінің жетіспеуі - үлкен проблема. Газеттен оқыдым, Алматы облысында қалалық көлікке мигранттарды жұмысқа қабылдайды, мақта мен темекі жинауға мигранттарды тартады. Құрылыс саласында да жұмысшылар жетіспейді. Мигранттарды тарту керек. Бірақ заң әлі жұмыс істемейді. Олар рұқсат алған кезде, жаз бітеді, жұмыс маусымы аяқталады. Мұндай мәселені қалай шешуді ойлап отырсыздар?", - деді жоғарғы палатаның жалпы отырысында Баймаханов Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға.

"Дүйсенова ханым, сіз көші-қон мәселелері саласында жақсы маман, тәжірибелі министрсіз, ғафу етіңіз, жылдамырақ өзгеріс енгізсеңіз. Құрылыстың бәрі тоқтап қалды, салынып жатқан нысандардың, ауруханалар мен мектептердің бәрі тоқтап тұр", - деді ол.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты жаңа көші-қон тұжырымдамасы әзірленгенін айтты. "Біздің заңымыз дайын, оны қазан айында Парламенттің қарауына ұсынамыз. Онда оралмандарға, шетелдік жұмыс күшіне қатысты мәселелер көрсетілген. Сіздер қабылдаған заңға сәйкес, әр азамат бес мигрантқа рұқсат ала алады, біз қазір бұл нормаларға барлық өзгертулерді енгізіп жатырмыз", - деді министр.

Баймахановтың айтуынша, бір ғана Қызылорда облысында 60 мыңға дейін мигрант жұмыс істеп жатыр, республика бойынша айтсақ, миллиондаған адам. "Бірнеше күн бұрын "Мигрант" шарасы басталды. Мыңдаған адам сотталды, айыппұл салынды. Олардың бәрі облысқа барып, медициналық анықтама, рентген түсірілімдерін алуы керек. Бұл - ақшаны айтпағанның өзінде, қағазбастылық қой", - деді ол.

Сенатор Қазақстан азаматтары арасында краншылардың, дәнекерлеушілердің, тас қалаушылар мен сылақшылардың тапшы екенін айтты. 

Еске сала кетейік, 2013 жылдың соңында Қазақстан Президенті "Қазақстан Республикасының еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына қол қойды. Заңның негізгі мақсаты - жұмыс істеп жатқан мигранттарды заңдастырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жүйесін жеңілдету. Заңға сәйкес, еліміздегі жеке тұлғалар Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен еңбек мигранттарын тарта алатын болады. Жұмыс берушілерге ешқандай салық салынбайды, табыс тапқаны үшін әрбір мигрант ел бюджетіне ай сайын 3704 теңге (2 АЕК) төлеуі тиіс. Бір жеке тұлға бес мигранттан артық адамды жұмысқа тарта алмайды. Рұқсатсыз әрекет еткендерге 30-дан 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынатын болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети