Бұл «Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту» жобасының екінші сабағы, бұл жобада біз инвестициялар және қаржы жөніндегі сарапшы Әсел Әуелбековамен бірге қаржылық ой-танымымызды жетілдіреміз. Бұл материалда микроқарыздар мен жалақыға дейінгі қарыздар туралы жан-жақты айтылады.
Микроқарызды ақылмен алу жолы қандай?
Жеке бюджетіңе қанша ұқыпты болсаң да кейде оның да түбі көрініп қалатын кездер болады. Сондайда дереу ақша қажет болып қалатын жағдайлар кездесіп тұрады.
Осындай жағдайда микроқарыз шынымен құтқара ма? Анықтап көрейік!
Микроқарыздарды микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) береді. Оны бір «қаржылық жедел жәрдем» ретінде қарастыруға болады.
✅ МҚҰ күші – жылдамдық пен ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНДЕ
Шұғыл ақша керек болып жатса, МҚҰ-ның расымен көмегі бар. Олар:
- Аз құжат талап етеді
- Шешімді бірнеше минутта шығарады
Иә, өте ыңғайлы. Кейде басқа амал қалмайды. Бірақ!
❌ МИКРОҚАРЫЗБЕН ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ!
Кредиттің көлемі мен санын қадағаламасаңыз, қарыз қамытын арқалауыңыз мүмкін.
МҚҰ VS БАНК: 3 НЕГІЗГІ АЙЫРМАШЫЛЫҚ
Екеуі де кредит береді, бірақ МҚҰ мен банк арасындағы айырмашылықты түсіну маңызды. Ендеше негізгі үш тұсын салыстырайық:
1. Ақша қайдан келеді?
- Банк – салымшылар ақшасын пайдаланады
- МҚҰ – өз қаржысын немесе қарызға алынған қаржыны
2. ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ ТАЛАПТАР
- Банкте скоринг қатаң, көбірек құжат қажет, шешім салыстырмалы түрде ұзақ шығады
- МҚҰ-да жеңілдетілген скоринг, құжат аз, ақшаны бірден береді
3. КЕПІЛСІЗ ЕҢ ЖОҒАРЫ СОММА
- Банк: 2 200 АЕК-ке дейін
- МҚҰ: 1 100 АЕК-ке дейін, яғни, екі есе аз
МҚҰ ҚЫЗМЕТІН КІМ БАҚЫЛАЙДЫ?
Қазақстандағы барлық микроқаржы ұйымдарын ҚНРДА қадағалайды. Ол:
- Микроқаржылық қызмет туралы заңның орындалуын
- Компанияда лицензияның болуын
- Пайыз мөлшерлемесінің шегіне қарайды
Әр микроқарыз үшін пайыздың ең жоғары шегі бар, сондықтан артық төлем бақылауда болады.
ТҰТЫНУШЫЛЫҚ МИКРОҚАРЫЗДАРДА:
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) = 46%
Нақты мөлшерлеме — кредиттік тарихқа және ұйымға байланысты.
Нақты мөлшерлеме — кредиттік тарихқа және ұйымға байланысты.
PDL-МИКРОҚАРЫЗДАР (айлыққа дейінгі қарыз)
Кейде дереу ақша қажет болады, ал айлыққа дейін бір апта бар. Осындайда PDL – айлыққа дейінгі жедел микроқарыз көмектеседі.
2025 ЖЫЛҒЫ PDL ШАРТТАРЫ:
- Мөлшерлеме: күніне 0,3%-ға дейін (ЖТСМ ≤ 179%)
- Сома: ең жоғарысы 45 АЕК
- Мерзім: 45 күнге дейін
💡 Есте сақтау оңай: 45 АЕК – 45 күн.
Мысалы: 100 000 тг алып, 30 күнге, 0,3% мөлшерлемемен.
Жиналатын пайыз ≈ 9 000 тг.
Жиналатын пайыз ≈ 9 000 тг.
Төлем уақыты ұзартылса да, ең жоғары артық төлем 50 000 тг-ден аспауға тиіс. Ал асып кетсе, скрин жасап, МҚҰ-ға жазыңыз. Жауап болмаған жағдайда омбудсманға, кейін ҚНРДА-ға өтініш жолдаңыз.
PDL микроқарызды қаЛАЙ алуға болады?
Міндетті төлемге шұғыл ақша қажет және айлық түсетін күн нақты белгілі болса, алуға болады.
Егер бәрі тұрақсыз болса, бір қарызды екіншісімен жауып жүрсеңіз немесе мерзімін қайта-қайта ұзартып жүрсеңіз, бұл жақсылыққа апармайды. Бұл кәдімгі иірім: оған бір түсіп кетсеңіз, шығу қиын.
Шартқа қол қояр алдында нені тексеріп алу қажет?
1. ЖТСМ — бірінші бетте
- Пайыздық мөлшерлемені жаттап алыңыз
- Оның лимиттен аспайтынына көз жеткізіңіз
2. Төлемнің күні мен сомасы
- Барлық төлемнің нақты күндерін жазып алыңыз
- Төлемді автоматты түрде есепке алатын нақты уақытты біліп алыңыз (мысалы, төлем 20:00-де дейін жасалу керек, ал сіз ақшаны 21:00-де салдыңыз – айыппұл арқалайсыз.
3. Қосымша қызметтер
- Сақтандыру, SMS-пакеттер мен басқа да қызметтер кіруі мүмкін
- Олардың бар-жоғын тексеріп алыңыз, әрбір қосымша қызмет қарызды арттыра береді
Маңызды: қосымша қызметтер қарыздың жалпы сомасына әсер етеді, сонымен қатар, сақтандыру ерікті түрде ғана жасалады.
4. Қарызды мерзімінен бұрын өтеу шарттары
- 2025 жылғы 31 тамыздан бастап жеке тұлғалар қарыздарын ешқандай айыппұлсыз және комиссиясыз мерзімінен бұрын жаба алады.
- Келісімде осы шарттардың дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.
Төлемді кешіктірсеңіз не істеу керек?
Елестетіп көріңіз: сіз микроқарыз алдыңыз, бірақ, бір жағдай болып, төлем кешікті. Не болады? МҚҰ әр күн үшін айыппұл есептейді, бірақ шегі бар — ол тәулігіне қарыз сомасының 0,5%-ынан аспайды.
Мысал: Сіз 28 000 ₸ қарыз болдыңыз
1 күндік айыппұл — 140 ₸
1 айда — 4 200 ₸
1 күндік айыппұл — 140 ₸
1 айда — 4 200 ₸
Төлемді кешіктірудің салдары:
1. Айыппұл күн сайын есептеледі (жоғарғы шегі — 0,5%)
2. 90 күннен аса кешіктірілсе талаптар қатаңдайды
3. Қарыз кредиттік бюроға түседі — кредиттік тарих бұзылады
4. Істі жеке сот орындаушысына өткізуі мүмкін
2. 90 күннен аса кешіктірілсе талаптар қатаңдайды
3. Қарыз кредиттік бюроға түседі — кредиттік тарих бұзылады
4. Істі жеке сот орындаушысына өткізуі мүмкін
⚠️ Қарызды ұзарта берудің (пролонгация) тұзағы
Кейде қарызды бірнеше күнге ұзарту оңай көрінеді. Бірақ әр ұзарту = жаңа пайыз. Осылайша, қарыз иіріміне түсіп кету оңай.
✅ Оның орнына не істеуге болады?
Қарызды қайта құрылымдап беруді сұрауға болады: төлем кестесін өзгерту, төлемді азайту, шартты өзгерту.
Бірақ ең бастысы – соңғы күнді күтпей, төлемді кешіктірмей алдын ала кірісу.
Бірақ ең бастысы – соңғы күнді күтпей, төлемді кешіктірмей алдын ала кірісу.
Қорытындылайық. 2025 жылға арналған ең маңызды лимит пен сандар
Әдеттегі микроқарыздар:
- Ең жоғары ЖТСМ: жылына 46%
- Кепілсіз ең жоғары сома: 1100 АЕК
- Жалпы үстеме төлем (пайыз + айыппұл + кешіктіру үстемесі): қарыз сомасының ≤50%
PDL қарыздары (жалақыға дейін):
- Бір күндік ең жоғары мөлшерлеме: 0,3%
- Ең жоғары ЖТСМ: жылына 179%
- Ең жоғары сома: 45 АЕК (176 940 ₸)
- Ең ұзақ мерзім: 45 күн
Төлемді кешітіргенІ үшін үстеме төлем:
- Күн сайын — қарыз сомасының 0,5%-ынан аспау тиіс
- Үстеме төлемнің ең жоғары шегі: қарыз сомасының 50%-ы
Қарызды мерзімінен бұрын өтеу:
- 31.08.2025 бастап — айыппұлсыз және комиссиясыз
Микроқарыз = құрал, ол өмір салты болмау керек.
Тест
Біліміңізді тексеріңіз
МҚҰ мен банктердің қарыз берудегі негізгі айырмашылықтары қандай?
Қазақстандағы PDL (жалақыға дейінгі) микроқарыздардың негізгі шарттары қандай?
Микроқарыз бойынша жалпы артық төлемнің (пайыз + айыппұл + үстеме төлем) ең жоғарғы шегі қандай?
МҚҰ келісімшартына қол қоймас бұрын міндетті түрде нені тексеру керек?
28 000 теңге мөлшеріндегі кешіктірілген төлем үшін 1 күнгі үстеме төлем қанша болады? (жоғарғы шек — 0,5%)
🔴 Төмен нәтиже
Біліміңізді жетілдіре түсу керек сиқты. Сонда қаржылық қорғаныңыз мықтырақ бола түседі.
🟠 Орташа нәтиже
Жаман емес! Жалпы микроқарыз қалай жұмыс істейтінін түсініп тұрсыз. Аздап біліміңізді арттырсаңыз - жасыл (қауіпсіз) аумақта боласыз.
🟠 Орташа нәтиже
Жаман емес! Жалпы микроқарыз қалай жұмыс істейтінін түсініп тұрсыз. Аздап біліміңізді арттырсаңыз - жасыл (қауіпсіз) аумақта боласыз.
🟢 Жоғары нәтиже
Тамаша! Сіздің қаржылық иммунитетіңіз - жоғары деңгейде. Сіз микроқарызды қаржылық допинг сияқты емес, құрал ретінде пайдаланасыз.
©TengriNews 2025
Жоба ҚНРДА
қолдауымен жасалды
қолдауымен жасалды