08 қараша 2017 12:22

Министр Ақтөбе - Атырау жолының құрылысы басталғанын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жеңіс Қасымбек / Facebook © Жеңіс Қасымбек / Facebook

ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Ақтөбе мен Атыраудың арасын жалғайтын автокөлік жолының құрылысы басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ИДМ басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Ақтөбе мен Атыраудың арасын жалғайтын автокөлік жолының құрылысы басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ИДМ басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін Ақтөбе мен Атыраудың арасын жалғайтын автокөлік жолының құрылысы басталды. Бұл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын еліміздегі маңызды жобалардың бірі. Бұрын екі облыстың арасында бағыт болғанмен, тікелей қатынайтын жол болмады. Сол себепті, жаңа жоба пайдалануға берілген соң екі облыс орталығы арасында қатынайтын жолаушылар біріншіден қауіпсіз жолмен жүреді, сондай-ақ уақытын мейлінше қысқартады. Мұнда 2-ші техникалық санат параметрі бойынша асфальт-бетонды жол және 6 жол-пайдалану бекеті салынады. Сонымен қатар, 2017-2020 жылдар кезеңінде заманауи қар тазалау техникалары сатып алынады", - деп жазды министр. 

Министр ұзындығы 229 шақырым "Қандыағаш - Мақат" жолының 7 учаскесінің құрылысын жүргізетін мердігер компания анықталып, келісімшарт жасалғанын айтты.

"Ұзындығы 156 шақырым "Ақтөбе - Қандыағаш" жол учаскесі бойынша бүгінде конкурстық рәсімдер мен Ислам даму банкінен 215,0 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жолдың құрылысы басталғанда 2 мыңға жуық адам жұмысқа тартылып, оның 90 пайызы жергілікті тұрғындардан құралады деп жоспарлап отырмыз", - деді Жеңіс Қасымбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети